Қорғалжын аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4-бөлігі (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полиция қызметкерлері күдіктіден тіркелмеген тегіс ұңғылы, бір ұңғылы “ИЖ-16” мылтығын, бес гильзаны тәркіледі.
Ақпаратқа қарағанда, 42 жастағы азамат бұрын 188-бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Естеріңізге сала кетсек, ел аумағында ақбөкен және оның бөліктері мен дериваттарын, ғылыми мақсатты қоспағанда, 2023 жылға дейін пайдалануға тыйым салынды. Заңнамаға сәйкес, киіктерді заңсыз аулағаны, олжалағаны, сақтағаны, өткізгені, тасымалдағаны үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.