Ақмолада аурухана бухгалтері 10 млн теңге жымқырған

169

Бұл заңбұзушылық аудиторлық тексеріс кезінде анықталған.

Ақмолада аурухана бухгалтері 10 млн теңге жымқырған Фото: ниидпо

Ақмола облысында аудандық ауруханалардың бірінің бухгалтері қызметкерлердің еңбекақысы мен басқа да төлемдерін негізсіз көтерген. Ал аурухананың бас дәрігері мен бас бухгалтер ол құжаттарды тексермей, қол қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша бухгалтер өзінің шоты мен өзгелердің шотына заңсыз ақша аударып, кейін ол ақшаны қолма-қол немесе өзінің картасына аудару арқылы қайтаруды талап еткен.

2020-2022 жылдары осы тәсілмен 10 миллионға жуық ақша жымқырған. 

Сот үкімімен ол 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Бас бостандығынан айыру жазасын 14 жастағы баласы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, төрт жылдан кейін өтейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу