Ақмолада дәріханадан терминал ұрлаған азамат ұсталды

475

Терминал тәркіленді

Ақмолада дәріханадан терминал ұрлаған азамат ұсталды Фото: Ult.kz

Ақмолалық полицейлер дәріханадан терминалды ұрлаған азаматты ұстады, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты.18 маусым күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны ұрлық туралы арызбен жүгінді. 

Белгісіз адам қаладағы дәріханалардың бірінен еркін қол жеткізу арқылы POS-терминалды ұрлап кеткені анықталды. 

Полиция басқармасы бұл деректі ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар адамды анықтады.

Заттай дәлелдеме, терминал тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу