Ақмолада екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

571

Ақмола облысында "Көкшетау-Қостанай" тас жолында екі көлік соқтығысып, 41 жастағы жолаушы көз жұмды, тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.    

Ақмолада екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы "Көкшетау-Қостанай" автожолының 25 шақырымында, яғни Еленовка ауылының маңында болған. Бұл туралы ағымдағы жылдың 22-ші қазанында сағат 16:15-те Зеренді АПБ кезекші бөліміне хабар түскен.

Анықталғандай, Қостанай қаласына бағыт алған "Volkswagen Golf" автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі (Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны) тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Қостанай қаласының 55 жастағы тұрғыны басқаруған "KIA Sportage" автокөлігімен бетпе-бет соқтығысты.

"Салдарынан алған дене жарақаттарынан "Volkswagen Golf" көлігінің жолаушысы Нұр-Сұлтан қаласының 41 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Бұдан бөлек, Ақмола облыстық ауруханасына түрлі дене жарақатымен "Volkswagen Golf" автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, "KIA Sportage" маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жеткізілді", – деді ведомстводан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу