Ақмолада ЭКСПО көрмесіне 23 мың билет сатылды

591

Ақмолада ЭКСПО көрмесіне 23 мың билет сатылды

Ақмола облысында "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесіне 23 мың билет сатылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

"Қазір Жарқайың, Ерейментау аудандары өңірде билет сату жөнінен алдыңғы орында. Степногорск қаласында 13,2 млн теңгеге үш мың билет сатылды. Мұндай табыс демеушілерді қарқынды тартумен байланысты", – дейді әкімдік қызметкерлері.

Бұдан бөлек, ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Щучинск-Бурабай курорттық аймағына 1 млн 800 мың турист келеді деп күтіліп отыр. Мұнда қонақтарды орналастыруға арналған 154 нысан бар: қонақ үйлер, шағын қонақ үйлер, туристік базалар, санаторий-курорттық үйлер. Олардың барлығы қазіргі уақытта туристерді барынша жақсы қарсы алуға дайындалып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу