Ақмолада қаржы жымқырған полицейлер сотталды

827

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.  

Ақмолада қаржы жымқырған полицейлер сотталды Фото: zakon.kz

Целиноград аудандық сотының үкімімен Ақмола облысы ІІД патрульдік полиция ротасының командирі, полиция подполковнигі Талғат Ерденов пен патрульдік полиция ротасының аға инженері, полиция капитаны Махсат Жаманбаев 7 жылға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ANTIKOR баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында анықталғандай, Ерденов пен Жаманбаев алдын ала келісім бойынша жалпы сомасы 100 миллион теңгеден астам сомаға жанар-жағармай талондардын ұрлаған. Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет ету құқығынан айырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу