Қайтыс болған 1947 жылы ақмолалық азаматтың созылмалы аурулары болған, деп мәлімдеді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов.
"Қайтыс болған азамат 1947 жылы туған. Ол Целинград ауданында тұратын. Науқастың қан қысымы жоғары болған. Қант диабетімен, созылмалы бронхитпен ауырған. 2016 жылдан бері бірнеше рет аяғына, беліне ота жасалған", – деді Сүлен Ілиясов.
Науқас 2 сәуірде қайтыс болған. Кейін одан сынама алынып, 4 сәуірде оның коронавирустан көз жұмғаны белгілі болды.
"Онымен байланыста болған адамдар анықталуда. Қосымша ақпарат беріледі", – деді басқарма басшысы.
Қазіргі кезде елімізде індетті жұқтырғандар саны 525-ке жетті. Оның 20-сы Ақмола облысында.
Құралай Құдайберген