Ақмолада құрғақ шөптің жануы мың гектардан асып кетті

434

Елді мекендерге қауіп жоқ.  

Ақмолада құрғақ шөптің жануы мың гектардан асып кетті Фото: ҚР ТЖМ

Ақмола облысындағы құрғақ шөп өртін сөндіру қиынға соғып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, қызыл жалын Біржан сал атындағы ауданның Қайнар ауылынан 15 км жерде шыққан.

"Секундына 7 метрге дейін соққан жел мен ауа температурасының +38 градусқа дейін көтерілуі өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда. Жағдайға кешенді бағалау жүргізілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдар өрт алдын ала ауданының 1 100 гектарды құрайтынын анықтады. Елді мекендерге қауіп жоқ", - деп мәлімдеді ведомстводан.

­Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу