Ақмолада құтқарушылар қамыс арасында қалған ер адамды құтқарды

370

ТЖМ қызметкерлері ер адамды құтқарып, жағаға жеткізді.

Ақмолада құтқарушылар қамыс арасында қалған ер адамды құтқарды Фото: ТЖМ

Ақмола облысының 112 қызметіне Батпақкөл көлінде қайықпен жүрген ер адамның қамыс арасынан көмекке шақырған дауысты естігені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"1990 жылы туған ер адам мас күйінде қамыс арасына кіріп кетіп, өздігінен шыға алмай қалған. Құтқарушылар ер адамды судан жедел шығарып, жағаға жеткізіп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды", – делінген хабарламада.

ТЖМ ескертеді: алкогольдік масаң күйде суға түспеңіз. Алкоголь зейінді төмендетіп, әрекет ету жылдамдығын баяулатады және судағы жазатайым оқиғалардың қаупін едәуір арттырады. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, су айдындарында жауапкершілікпен демалыңыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу