Ақмолада мефедронды заңсыз өткізген студент 6 жылға сотталды

544

Cотта жас жігіттің кінәсі Ақмола облысының полицейлері жинаған бұлтартпас дәлелдерімен және куәгерлердің айғақтарымен расталды.  

Ақмолада мефедронды заңсыз өткізген студент 6 жылға сотталды Фото: polisia.kz

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған Көкшетау қаласының 19 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Одан 0,43 грамм “мефедрон” психотроптық заты тәркіленген болатын. Сот отырысында сотталушы кінәні ішінара мойындады. Ол есірткі заттарын сатумен айналыспағанын, ал жедел уәкілдер тәркілеген психотроптық затты ол жасырып салу арқылы досының өтініші бойынша оған сатып алғанын айтты.

Сотталушының тұрғылықты жері мен оқуы бойынша оң сипаттамасын, бірінші соттылығын, жас ерекшелігін назарға ала отырып, сондай-ақ ол жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен дәрежесін, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот қылмыстық жолмен өндіріп алынған мүлікті тәркілей отырып, орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару мекемесінде алты жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу