Ақмолада мемлекетке миллиондаған теңге залал келтірген кәсіпкер сотталды

"ArtSport" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысындағы заң бұзушылықты облыстық прокуратура анықтап отыр. 

Ақмолада мемлекетке миллиондаған теңге залал келтірген кәсіпкер сотталды Фото: ТАСС

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, заң бұзған азаматша жазаланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көкшетау қаласының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде балалардың сабаққа қатысуын есепке алу бөлігінде мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша жария оферта талаптарының бұзылуы белгілі болды. 

– 2023 жылдың мамыр айынан 2024 жылдың қыркүйек айына дейінгі кезеңде жеке кәсіпкер алты баланың сабақтарға қатысуын жалған көрсеткені, ал бұл балалардың іс жүзінде секцияларға бармағаны анықталды.

Азаматша Н. жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, "ArtSport" бағдарламасына қатысу құқығын алған және ваучерлік қаржыландыру арқылы сабаққа қатысу табельдерін және көрсетілген қызметтер актілерін жалған толтырған. Соның негізінде мемлекеттік бюджеттен оның есепшотына ақша қаражаттары аударылған, – делінген хабарламада.

Осындай заң бұзушылықтардың кесірінен мемлекетке 1,4 млн теңгеден астам мөлшерде залал келтірілген. 

Қалалық соттың үкімімен азаматша Н. бюджет қаражатын жымқырғаны үшін (ҚР ҚК 190-бабы) кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілсе, 3 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу