Ақмолада прокурорлар мектептерге тексеріс жүргізіп, 4,5 млн теңге айыппұл салды

290

Есіл ауданы прокуратурасы санэпидемиологиялық талаптарды бұзған мектептерді анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақмолада прокурорлар мектептерге тексеріс жүргізіп, 4,5 млн теңге айыппұл салды Фото: klike.net

Тиісті мамандар тартыла отырып, жалпы білім беру мекемелерінің қызметінде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" заңның қаншалық сақталып жатқаны тексерілді.

"Тексеру барысында білім алушылар санының мектептің жобалық сыйымдылығынан асып кетуі, сыныптардың толып кетуі, ауысымдар арасындағы үзіліс уақытының, оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығының сақталмауы, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін пайдалану мен сақтау, сыныптардағы температуралық режимнің бұзылуы, мектеп үй-жайларының (сыныптар, рекреациялар, баспалдақ ойықтары, санитарлық тораптар және т.б.) санитарлық талаптарға сәйкес келмеуі, дайын тағамдардың колориясы сай болмауы, жұмысқа рұқсаты бар медициналық кітапшалардың болмауына және т.б. көптеген заңсыздықтар анықталды", – деп жазды Бас прокуратура.

Тексеріс нәтижесінде ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша 22 адамға 4 596 540 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолданылып, әкімшілік жауапқа тартылған.

Қазіргі таңда білім беру нысандарындағы заңбұзушылықтар толығымен жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу