Ақмолада салқындатылған экологиялық таза ет өнімдері шығарылады

1098

Ақмолада салқындатылған экологиялық таза ет өнімдері шығарылады

Целиноград ауданында салқындатылған экологиялық таза ет өнімдері шығарылады. Мұндай технология тауық етінің табиғи қалпын сақтауға көмектеседі. Соңғы үш жылда кәсіпорын өнім көлемін үш есеге арттырған. Алдағы уақытта қуаттылығын көбейтіп, жылына 20 мың тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл желіде сағатына 6000 тауық өңделеді. Құс алаңға жеткізілгеннен кейін ауада тамшылату әдісі арқылы суытылады. Жұмыс бар-жоғы екі жарым сағатқа жалғасады. Кейін дайын өнім қапталуға жөнелтіледі.  
Құстарға арналған азық та осы цехте дайындалады. Мекемеде бидай етке араластырады. Бұл Қазақстан нарығы үшін маңызды. Жаңа технологияның көмегімен айналымды арттырып, тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру мүмкіндігі бар.  
Кәсіпорында қазір 1 млн-нан аса тауық бар. Келешекте құс өсіруге арналған жаңа орындар енгізу жоспарлануда. Оларды күтіп-баптау жергілікті тұрғындар үшін жұмыс көзі болмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу