Ақмолада синтетикалық есірткі шығаратын зертхана жойылды

577

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті қамауға алынды. 

Ақмолада синтетикалық есірткі шығаратын зертхана жойылды Фото: polisia.kz

Өз үйінің қосалқы үй-жайында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан Астрахан ауданының тұрғыны анықталды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғылықты жерін тінту кезінде күдіктіден 38 грамнан астам психотроптық a-PvP заты тәркіленді.

Сондай-ақ “синтетика” жасау үшін пайдаланылған зертханалық жабдықтар, пластикалық канистрлер және прекурсорлары бар шыны банкалар тәркіленді. Тиісті сараптама тағайындалды.

Жедел қызметкерлердің айтуынша, шамамен 2022 жылдың қараша айында ер адам Telegram қосымшасы арқылы жұмысқа орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу