Ақмолада теміржол көпірінен секіріп өлмек болған 32 жастағы әйел құтқарылды

768

Ақмола облысында теміржол көпірінен құлап суицид жасамақшы болған 32 жастағы әйел құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ақмолада теміржол көпірінен секіріп өлмек болған 32 жастағы әйел құтқарылды

Ағымдағы жылдың 16 маусымында Макинка станциясындағы желілік полиция бөліміне теміржол вокзалының кассирі хабарласып, станцияның перронындағы теміржол көпірінде әйелдің суицид жасағалы тұрғанын айтқан.

Айтылған жерге дереу Макинка бекетіндегі желілік полиция бөлімшесінің полицейлері Ғұмар Нұрикенов, Бауыржан Оразов және Абзал Оралов жетті.

Тәртіп сақшылары әйелмен сөйлесіп, райынан қайтарды.

"Біз күйзеліске ұшыраған адаммен диалог қажет екенін анық түсіндік, сондай-ақ ол секіріс жасаған жағдайда нақты шаралар қабылдау маңызды болды", - дейді полицейлер.

Полиция бөлмесінде әйел сабырға келіп, онымен әңгіме жүргізілді. Сонымен бірге, оған алғашқы медициналық және моральдық-психологиялық көмек көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу