Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, баланың жоғалғаны жөнінде Қорғалжын аудандық полициясына 30 сәуір күні хабар түскен.
Ал анасының айтуынша, бала сол күні кешкі шамамен сағат 19:00-де үйден шығып кеткеннен кейін оралмаған.
Алдын ала деректерге сенсек, жоғалып кеткен күні бала Нұра өзенінің маңында жүрген.
Іздеу жұмыстарына полиция, төтенше жағдайлар қызметі, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу