Ақмолалық полицейлер мереке күндері 37 мас жүргізушіні ұстады

411

Қазір тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ақмолалық полицейлер мереке күндері 37 мас жүргізушіні ұстады Фото: khabar24.kz

Ал 37 жүргізуші 30-желтоқсан мен 2-қаңтар аралығында жолға шыққандар. Ең сорақысы - оның төртеуі бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылғандар. Жалпы соңғы 5 күнде 50 көлік айыптұраққа қойылған.

Осы ретте, полиция жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, өзінің және өзгенің өміріне қауіп төндірмеуді сұрайды.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары автокөлік иелерін күн райының өзгеруін қадағалауға, ескертулерге назар салуға, ал жолда қиын жағдайға тап болған жағдайда "112" және "102" телефондары бойынша құтқару қызметтеріне дереу хабарлауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу