Ақмолалық тұрғын "инвестор боламын" деп 6 млн теңгесінен айырылды

154

Ақкөл ауданының тұрғыны бір аптада 3 несие ресімдеген.  

Ақмолалық тұрғын "инвестор боламын" деп 6 млн теңгесінен айырылды Фото: m.5-tv.ru

Қарызға алған барлық қаражатты интернет алаяқтарға аударған, деп жазады inbusiness.kz сайты Ақмола облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Былтыр қазан айында әйел мобильді қосымшаның бірінде мемлекеттік төлемдер туралы жарнаманы көрген. Сілтемеге кіріп, өзінің телефон нөмірін қалдырады. Содан кейін оған өзін инвестициялық компанияның қаржылық кеңесшісі ретінде таныстырған белгісіз біреу қоңырау шалады.

Алаяқтар 48 жастағы әйелге тұрақты және жоғары кіріс түсетін "инвестициялық қызметке" қатысуға шақырады. Кеңесшілердің сөзіне сенген әйел олардың айтқандарын орындайды. 

30 қазанда ол банктен 2 млн теңге бөліп төлеу несиесін рәсімдейді. 5 қарашада басқа банктен осыған ұқсас сомаға тағы бір бөліп төлемді, ал 6 қарашада 2 млн теңгеге тауарлық несие рәсімдеген. Осылайша, бір апта ішінде 6 млн теңге несиенің ақшасы белгісіз шоттарға аударылады.

17 қаңтарда әйел алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға арыз жазады.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу