Ақмолалық тұрғын көршісін тақырға отырғызды

173

Ол көршісінің атына 1,2 млн теңге несие рәсімдеген.  

Ақмолалық тұрғын көршісін тақырға отырғызды Фото: pixabay.com

26 наурызда Біржан сал ауданының полиция бөліміне 59 жастағы азамат арызданған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жәбірленушінің айтуынша 22 наурызда көршісі оның сенімін пайдаланып, оның атына банктің мобильді қосымшасы арқылы 1,2 млн теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеген.

Тергеу кезінде күдікті жәбірленушінің үйіне келіп, оған кездейсоқ ақша жібергенін айтып, оның телефонын тексеру үшін сұрап алған.

Жәбірленуші телефонын бергеннен кейін, қаскүнем банк қосымшасын ашып, оның суретін түсіріп, тексеруден өтуге көндірген. Осы сәтті пайдаланып, күдікті жәбірленушіге тауар несиесін рәсімдеп, басқа қосымша арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған және оны үшінші тұлғалардың шоттарына аударған.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта полиция осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Полицейлер мұндай жағдайлардың құрбаны болмау үшін телефоныңыз бен банк қосымшаларға қол жетімділікті бөгде адамдарға, тіпті таныстарыңызға да бермеу керектігін ескертеді.

Егер бұл сіздің жеке шоттарыңызға қатысты болмаса, басқа адамдардың өтініші бойынша тексеруден өтпеңіз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу