Ақмолалық тұрғыннан 6 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді

385

Оқиға Есіл ауданының Интернациональное ауылында тіркелді.

Ақмолалық тұрғыннан 6 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді Фото: polisia.kz

Ақмолалық тұрғыннан 6 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді.

Полиция қызметкерлері есірткіні заңсыз сақтау фактісін “Қарасора – 2023” және “Канал-тосқауыл” жедел-профилактикалық іс-шаралары шеңберінде анықтады. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері департаменттің есірткіге қарсы полицейлерімен бірлесіп, арнайы жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде шаруашылық ғимараттарында өсімдік тектес есірткінің ірі партиясын сақтаған ауыл тұрғынын анықтады.

Полиция 50 жастағы ақмолалықтан 6 келіден астам тыйым салынған затты тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің бір бөлігі – кептірілген марихуана, екінші бөлігі – 175 бұта кептірілген қарасора өсімдіктер. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ауыл тұрғыны құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өз бетінше өсірген, ал тәркіленген есірткі оның “егісінің” бір бөлігі. Қазіргі уақытта бұл ақпарат тексеріліп жатыр.

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу