Ақмолалық тұрғыннан аса ірі көлемде гашиш табылды

436

Тасымалдаушы есірткіні елордалық аудандардың бірінде сатып алғаны анықталды.

Ақмолалық тұрғыннан аса ірі көлемде гашиш табылды Фото: polisia.kz

Ақмола облысының есірткіге қарсы полиция қызметкерлері “Қарасора – 2023” және “Канал – 2023” жедел профилактикалық іс-шаралары аясында есірткі затын ұстау және алып қою бойынша арнайы операция жүргізді.

Арнайы бөлімшелердің күштерін тарта отырып, есірткі тасымалдаушыны Астана – Петропавл трассасының төлем терминалында ұстады.

28 жастағы Бурабай ауылының тұрғыны басқарған Lada Granta көлігін тінту кезінде құқық қорғау органдары жалпы салмағы 2 келі болатын гашиш есірткі заты салынған 2 полиэтилен пакетін тапты. Алғашқы тергеу әрекеттері кезінде тасымалдаушы есірткіні елордалық аудандардың бірінде сатып алғаны анықталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде құқық қорғау органдары Ақмола өңірінің аумағына гашиштің түсу арнасын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Тергеу кезеңінде есірткіні сатушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу