Ақмолалық тұрғынның үйінен 8 келі марихуана табылды

380

Енді ол Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша заң алдында жауап береді.

Ақмолалық тұрғынның үйінен 8 келі марихуана табылды Фото: polisia.kz

Полицейлер Астрахан ауданының 35 жастағы тұрғынының үйінен шөптен жасалған есірткінің үлкен партиясын тапты. Бір қызығы, ауыл тұрғыны басқа қылмыстық іс бойынша сотталушы ретінде өтіп жатыр, енді ол Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша заң алдында бірден жауап беруі керек болады.

"Жүргізілген тергеу іс-шараларының нәтижесінде құқық қорғау органдары кептірілген марихуана есірткі затын тауып, тәркіледі. Сараптама көрсеткендей, алынған заттың салмағы 8 келіден асады. Ер адам жұбайымен және баласымен бірге тұратыны анықталды. Қатысушының тұрғылықты жеріндегі тағы бір табылған зат – оқу гранатасы мен пышақ болды, олар тиісті сараптамаға жіберілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын заңсыз сақтау) және ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды заңсыз сақтау) бойынша одан әрі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", делінген полиция хабарламасында.

Тергеу кезеңінде күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу