Ақмолалықтарға жылу үшін артық алынған 5,8 млн теңге қайтарылады

1067

Жылу тарататын компаниялар бұл қаражатты тұтынушылардың дербес шотына аударуға міндеттелді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ақмолалықтарға жылу үшін артық алынған 5,8 млн теңге қайтарылады

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеп шығарыпты. Осылайша, табиғи монополияның 10 субъектісі тексерілген. Департамент тексеру қорытындысы бойынша 2020-2021 жылғы жылыту маусымында 10 субъектке төленген 5 880 500 теңгені қайта есептеген. Бұл соманың тұтынушыларға қайтарылуы керектігі жөнінде төмендегі компанияларға хат жолдады:
- "Көкшетау Жылу" ШЖҚ МКК бойынша – 290 560 теңге (ҚҚС есебімен);
- "Степногорск Энергосбыт"  ЖШС бойынша - 511 659 теңге (ҚҚС-мен);
- "Коммунсервис" ШЖҚ  МКК бойынша - 710 440 теңге (ҚҚС-мен);
- "Теміржолсу-Көкшетау" ЖШС бойынша - 25 577 теңге (ҚҚС-мен);
- "Котельная АСИ"  ЖШС бойынша - 20 620 теңге (ҚҚС-мен);
- "Жастар Атбасар" ЖШС бойынша - 93 850 теңге (ҚҚС-мен);
- "Есіл горкомхоз" ШЖҚ МКК-ы бойынша - 2 912 380 теңге (ҚҚС-мен);
- "Комхоз" ШЖҚ МКК-ы бойынша - 524 793 теңге (ҚҚС-мен);
- "Ақкөл-горкомхоз" ШЖҚ МКК-ы бойынша - 787 600 теңге (ҚҚС-мен);
- "Бурабай тазалық" ШЖҚ МКК-ы бойынша - 3 017 теңге (ҚҚС-мен).

"Осылайша, жоғарыда көрсетілген субъектілер тұтынушылардың дербес шотына осы соманы аударуы тиіс. Артынша, дербес шотқа түскен ақша жылумен жабдықтау қызметі үшін келген алдағы соманы азайтады", - делінген комитеттің хабарламасында.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу