Ақмоланың кей аудандарында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

710

Жауын-шашынның болмауынан ақмолалық аграрлар дабыл қағып отыр. Өйткені егін және малға арналған жемшөп базасына қауіп төніп тұр, деп хабарлайды  inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақмоланың кей аудандарында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

"Nur Otan" партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері мұндай жағдайда не істеу керектігін талқылады.

"Қазгидромет" РМК Ақмола облысы бойынша филиалының деректеріне сәйкес мамыр-маусым айларында аудандар бойынша түскен жауын-шашынның орташа айлық мөлшері -13,1 және 19,1 мм құрады.

Бұл нормадан 2 есе төмен (норма 33-35 мм). Ал бұл дәнді және бұршақты дақылдар егістіктерінің ағымдағы жағдайына әсер етті.

Кейбір аудандарда жауын-шашын тіптен жауған жоқ.

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркеш Әленов 2021 жылғы 8 шілдедегі жағдай бойынша 1,8 млн га жер, яғни 40% аумақ жақсы жағдайда, 2,5 млн га жер, яғни 55% аумақ қанағаттанарлық, 228,1 мың га жер, яғни 5% аумақ нашар жағдайда екенін атап өтті.

Ерейментау, Қорғалжын, Атбасар, Жақсы және Есіл аудандарында жағдай алаңдатарлық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу