Ақмола облысында құтқарушылар пәтерде қамалып қалған 91 жастағы әйелге көмектесті

394

ТЖМ қызметкерлері терезенің темір торын кесіп, пәтерге кіріп, қарт әйелді дәрігерлерге тапсырды.  

Ақмола облысында құтқарушылар пәтерде қамалып қалған 91 жастағы әйелге көмектесті Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі телеграм

Степногорск қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жедел медициналық жәрдем қызметімен бірлесіп, 91 жастағы қарт әйелге көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ТЖМ мәліметінше, егде жастағы әйел аяғының қатты ауыруына байланысты өздігінен пәтердің кіреберіс есігін аша алмаған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар есік арқылы кіру мүмкін болмағандықтан, терезедегі темір торды гидравликалық авариялық-құтқару құралының көмегімен кесіп, үш иінді саты арқылы пәтерге кірді.

Құтқарушылар қарт әйелді жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу