Ақнәр Гүлстанның өлімі: Полиция бейнежазбаларды сараптамаға жіберді

360

Бұл қылмыстық іс бойынша бірнеше куәгер бар. 

Ақнәр Гүлстанның өлімі: Полиция бейнежазбаларды сараптамаға жіберді Фото: Фото: instagram/aqnar

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында 22 жастағы Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты тергеу ісі қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жедел тергеу тобы құрылды. Қылмыстық іс біздің бақылауымызға алынды. Жәбірленушінің толық уәждері тергеу барысында тексерілетін болады", - деді ІІМ өкілі.

Санжар Әділов бейнежазбаларға қатысты да пікір білдірді.

"Бейнежазбалар бойынша видеофонографиялық сараптама тағайындалды. Оған қатысты сарапшылардың қорытындысын күтейік. Барлық видеожазба тексеріліп жатыр. Бұл іс бойынша бірнеше куәгер бар. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қыздардан қорғану құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды", – деді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу