Ақорда елбасының алдағы жұмыс кестесін жария етті

1002

Ақорда елбасының алдағы жұмыс кестесін жария етті

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін сыртқы саяси оқиғаларға қатысты көптеген сауалдың келіп түсуіне байланысты, президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы жұмыс кестесі туралы айтты. Бұл туралы Ақорданың фейсбуктегі ресми парақшасында хабарланды.
"Мемлекет басшысы биылғы 13 наурызда Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Чон Се Гюнмен кездеседі. 14 наурызда Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар аясында мемлекет басшылары күн тәртібіндегі екіжақты, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ 15 наурызда Қазақстан президенті Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы басшыларының жұмыс (консультативтік) кездесуіне қатысады. Бұл бес жақты келіссөздердің Орталық Азияның барлық елі үшін ортақ мереке – Наурыз мейрамы қарсаңында өтуінің маңызы зор.
"Түрікменстанда жоғары деңгейдегі іс-шаралардың алдын ала жоспарлануына байланысты бұл елден Меджлис төрайымы А.Т.Нурбердыева ханым қатысады. Сол күні Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Қазақстандағы Өзбекстан жылының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары өнер қайраткерлерінің гала-концертіне қатысады", - дейді Айдос Үкібай.
16 наурызда мемлекет басшысы Сирия жөніндегі Астана процесіне кепіл болатын министрлік деңгейіндегі бірінші кездесуге қатысушылар – Ресей, Түркия және Иран сыртқы істер министрлерімен жүздеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу