Ақорда Кәрім Мәсімовтың өтінішін қарап жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысына қатысты материалдар Президент әкімшілігінің жалпы істер жөніндегі бөліміне келіп түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы депутат Марат Бәшімов айтты. Сөзінше, сипаттама алу үшін өтініш Ішкі істер министрлігіне жолданады. Артынша Бас прокуратура мен Жоғарғы сот қарайды. Тек содан кейін Президент жанындағы кешірім жасау жөніндегі комиссия шешім қабылдап, Мемлекет басшысына жібереді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу