Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен екіжақты кездесу өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алдымен екі елдің Президенттері бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Осыдан кейін екі елдің әнұрандары ойналды. Қазіргі уақытта Мемлекет басшылары екіжақты келіссөз өткізіп жатыр.
Айта кетейік, Корея Президенті сапар аясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты кездесу өткізіп, Қазақстан-Корей бизнес-форумына қатыспақ. Нұр-Сұлтанға Корея Президентінің жұбайы Пак Чон Хи де келген. Ол бүгін "Назарбаев" Университетіне барады.