Ақордада мемлекеттік марапаттар мен сыйлықтарды табыстау рәсімі өтті

1201

Ақордада мемлекеттік марапаттар мен сыйлықтарды табыстау рәсімі өтті

Бүгін Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік марапаттар мен сыйлықтарды табыстады, деп хабарлайды 24.kz.

Дәстүрлі жиында ең алдымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болды. Атап айтқанда, бұл жоғары дәрежелі марапат "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке, "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері Руслан Қуатовқа және "Жақсылық" шаруа қожалығының жетекшісі Жақсылық Үшкемпіровке берілді. Сондай-ақ жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, әділет министрі Марат Бекетаев, инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен бірқатар облыс әкімі мемлекет басшысының қолынан "Парасат" орденін алды.

"Барша қазақстандықты егемендi елiмiздiң ең ұлық, басты мерекесi Тәуелсiздiк күнiмен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабамыздың арманы болған қастерлi мейрам. Абыройы асқақ, беделi биiк, мерейлi мемлекетiмiз өзiнiң екiншi ширек ғасырлық белесiне қадам басты. Осы жылдар iшiнде бiз аз уақытта сыннан сүрiнбей өтiп, береке-бiрлiктiң арқасында түрлi қиындықты еңсере бiлдiк. Қазiр Қазақстан – төрткүл дүниеге танылған халықаралық қоғамдастықтың белдi мүшесi. Алдымызда тұрған мәртебелi мақсат-мiндеттерге де бiрлесе қол жеткiземiз деп сенемiн. Тәуелсiздiкке тәу ететiн кез келген халық үшiн бұдан асқан маңызды мейрам болмаса керек. Ұлық мереке қарсаңында жыл сайынғы дәстүр бойынша ерен еңбегiмен ерекшеленген ел азаматтарын марапаттау игi шара екенiн бәрiмiз бiлемiз", - деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу