Ақордаға латын қаріптерімен жазылған жаңа Елтаңба ілінді

3567

Еліміздің атауы латын қаріптерімен QAZAQSTAN деп жазылған. Бұл өзгерістер 2018 жылдың 1 қарашасында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" заңына сәйкес күшіне енді. 

Ақордаға латын қаріптерімен жазылған жаңа Елтаңба ілінді

Жаңартылған Елтаңба парламент пен ҚР үкіметінің ғимаратында да пайда болды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 12 қыркүйегінде Ғылыми техникалық комиссияның отырысы өтіп, мемлекеттік Елтаңбаға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Елтаңбадағы "Қазақстан" сөзі латын қарпінде QAZAQSTAN болып өзгертілді. Бұл Елтаңбаға енгізілген алғашқы өзгеріс емес. Бұдан бұрын 2017 жылы пантон түсі халықаралық Lab түс гаммасына ауыстырылған еді.

Өзгерістер мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақ әліпбиін кириллицадан латын қаріпіне көшіру туралы" Жарлығына сәйкес жасақталды.

Еліміздің Елтаңбасы 1992 жылы қабылданған. Авторлары – Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уалиханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу