Ақпан айында 136,6 мың автокөлік есепке қойылды

203

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Ақпан айында 136,6 мың автокөлік есепке қойылды Фото: Колеса

2024 жылғы ақпанда 136,6 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5% кеміді, оның ішінде автобустар 7% артты, жүк автомобильдері 10,3% және жеңіл автомобильдер 13,9% кеміді.

Осылайша, 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 378,9 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88,1% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2% – автобустар.

Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқан көлік санының үлесі – 45,1%, 10-нан 20 жылға дейін – 23,6%, 7-ден 10 жылға дейінгілер – 12,9%, 3-тен 7 жылға дейінгілер – 12,1% және автокөлік құралдарының тек 6,2% шығарылған жылы 3 жылдан кем. Шығарылған жылы 20 жылдан астам жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 326,5 мың бірлік, Алматы қаласында – 189,4 мың бірлік, Жамбыл облысында – 166,4 мың бірлік, Қарағанды облысында – 162,9 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облысында – 155,2 мың бірлік.

Сонымен қатар, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электр қуатымен жүретін жеңіл автомобильдер саны 6,7 есеге, 1291-тен 8 684 бірлікке дейін өсті. Ең көп электромобильдер саны:

  • Алматы қ. – 5127 бірлік
  • Астана қ. – 1098 бірлік
  • Алматы обл. – 386 бірлік
  • Шымкент қ. – 262 бірлік
  • Қарағанды обл. – 146 бірлік.

2024 жылдың қаңтар-ақпан айында 2 635 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 576 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда оқиғалар саны 53,6%-ға өсті, зардап шеккендер саны 45%-ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу