Ақпан айында баскетболдан Қазақстан командасы сырт алаңда төрт кездесу өткізеді

884

Бахрейн астанасы Манамадағы матчтарда Азия кубогіне берілетін жолдама тағдыры шешіледі.

Ақпан айында баскетболдан Қазақстан командасы сырт алаңда төрт кездесу өткізеді

Баскетболдан Қазақстан командасы Бахрейнде төрт кездесу өткізеді, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz. 

Қазақстандық баскетболшылар 18 ақпан күні Шри-Ланкаға, 19 ақпан күні Палестинаға, 21 ақпан күні Иорданияға, 22 ақпан күні тағы да Шри-Ланкаға қарсы ойнайды. 

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 21-24 ақпаны аралығында Қазақстан ерлер командасы 2021 жылғы Азия кубогіне іріктеу аясында екі кездесу өткізген болатын. Бірінші ойында біздің құрама Палестинаны 79:76 есебімен ұтса, екінші матчта Иорданиядан 68:71 есебімен жеңілді. 

Баскетболдан Қазақстан командасының бас бапкері – Эмиль Райкович.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу