Ақпан айында Қазақстанның сөрелеріне қолжетімді бағадағы көкөністер түсе бастайды

Бұл тапсырманы жиын барысында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты. 

Ақпан айында Қазақстанның сөрелеріне қолжетімді бағадағы көкөністер түсе бастайды Фото: inbusiness.kz

Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларын талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ішкі нарықты қолжетімді бағамен көкөністермен барынша қамту және қанықтыру үшін тұрақтандыру қорларынан жөнелтіліммен қатар өңірлерде жәрмеңкелер басталады.

Сәуір айының екінші жартысынан бастап халық ерте көкөністерді, негізінен, импорттық көкөністерді белсенді түрде тұтына бастағанын ескере отырып, "QazTrade" Сауда саясатын дамыту орталығы" қазірдің өзінде бұл өнімдерді Өзбекстан мен Тәжікстаннан әкелу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осылайша, қазақстандықтардың сұранысын қанағаттандыру үшін ұсынылатын картоп көлемі 8,2 мың тонна (сәуір-маусым айлары), пияз – 5 мың тонна, (мамыр-маусым).

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, өткен жылдардағы тәжірибені ескере отырып, QazTrade көкөніс жеткізудің схемасын әзірледі. Онда бірқатар логистикалық мәселелер, соның ішінде шекаралық өткелдер қарастырылған.

Сонымен қатар, жиында қанттың ең төменгі көтерме бағасын белгілеу мүмкіндігі де талқыланды. Осы мәселе бойынша пікірлердің әртүрлілігін ескере отырып, Серік Жұманғарин бірлескен шешім әзірлеу үшін салалық қауымдастықтар, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп министрліктері және басқа да мүдделі ведомстволар өкілдерінің қатысуымен жиын өткізуді тапсырды.

Бұдан бөлек, Сауда және интеграция министрлігінің өңірлік комиссиялардың қызметі туралы ақпараты тыңдалды. Жалпы, жыл басынан бері өңірлерде 74 кездесу өткізіліп, сауда үстемелерінің асып кетуінің 67 фактісі анықталды. Олардың ең көп саны – Павлодар және Түркістан облыстарында, сондай-ақ, Шымкент, Алматы және Астанада тіркелді.

Айта кету керек, жыл басынан бері әлеуметтік азық-түлік бағасының өсу динамикасы 0,2%-ды құрады. Соның ішінде 22-28 қаңтар аптасының қорытындысы бойынша, баға индексі тұрақтылықты көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу