Ақпан айында Сайран көлінің түбін механикалық тазарту басталады

Ақсай-2 шағын ауданындағы сквер заманауи қалалық дизайнның жаңа стандарттарына сәйкес абаттандырылды. 

Ақпан айында Сайран көлінің түбін механикалық тазарту басталады Фото: Massaget.kz

Бұл туралы Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"5 магистралды көшеде жаяу жүргіншілер кеңістігі аумағын өзгерту жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Таугүл шағын ауданындағы Шалов бульварын заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ретінде жасауға жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Ақпан айында Сайран көлінің түбін механикалық тазалау басталып, оны мамырдың соңына дейін аяқтау жоспарға енген. Наурыз айында жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама шыққан соң көл аумағын реконструкциялау және абаттандыру басталады", – деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу