Ақпан айында жаңа тұрғын үй бағасы 0,6%-ға өсті

1033

Жайлы баспананы жалға беру де қымбаттаған. 

Ақпан айында жаңа тұрғын үй бағасы 0,6%-ға өсті

2020 жылдың ақпан айында жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы осы жылғы қаңтармен мен салыстырғанда 0,6%-ға өсті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті мәліметіне сүйеніп.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қайталама нарықта жайлы емес тұрғын үй бағасы 1%-ға, ал жайлы тұрғын үй бағасы 1,1%-ға өскен. Жайлы баспананы жалға беру 0,5%-ға қымбаттаған.

Республика бойынша ақпан айында орташа алғандағы жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің сату бағасы 296,815 мың теңге, қайта сатылған жайлы тұрғын үй – 205,413 мың теңге, жайлы емес баспана – 127,733 мың теңге болғаны, ал жайлы тұрғын үйді жалға беруде 1 шаршы метрге 1,537 мың теңге сұралатыны хабарламада айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу