Синоптиктердің болжамынша, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарға атмосфералық фронттардың ықпалы болады, сондықтан қар түріндегі жауын-шашын болады, кей жерлерде қар жауып, жел күшейеді. Сондай-ақ республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінің таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, көктайғақ, тұман болуы мүмкін.
"Елдің батысында жоғары қысымды орталық басым болады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күндізгі температура 0-5 градусқа дейін жетеді", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу