Ақпан айының үздік спортшысы анықталды

796

Дауыс беру бүгін, 9 наурызда сағат 09: 00-де аяқталды.

Ақпан айының үздік спортшысы анықталды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында айдың үздік спортшысын анықтау үшін дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz комитет сайтына сілтеме жасап.

Ақпан айындағы ең үздік спортшыға дауыс беру қорытындысы бойынша бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Валентина Хальзова жеңіске жетті.

Дауысқа барлығы алты үміткер ұсынылды. Олар: Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо), Валентина Хальзова (бокс), Шерзод Хаширбаев (фристайл-акробатика), баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы, Әсем Орынбай, Ольга Панарина, Рината Насырова (стенд ату) және Юлия Галышева (фристайл могул).

Дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинаған Валентина Хальзова топ жарды. Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі 67,20 пайыз дауысқа ие болды.

 Екінші орынға Ғұсман Қырғызбаев, үшінші орынға Шерзод Хаширбаев жайғасқан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу