Ақпан ең жайлы айлардың бірі болғалы тұр

Консультативтік синоптикалық болжамға сай, Қазақстанда бұл айда жауын-шашын мөлшері орташа деңгейде деп күтіледі.

Ақпан ең жайлы айлардың бірі болғалы тұр Фото: telegra.ph

Бұл туралы Қазгидрометтің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Жалпы, ақпан айында батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста ең қатты аяздар бірінші және екінші онкүндіктерде күтіледі: түнде 21-30 аязға дейін, шығыстың таулы аймақтарында 35 аязға дейін, күндіз 13-20 аязға дейін төмендеуі күтіледі. Бірінші онкүндіктің ортасында және соңында (еліміздің батысында – басында), сондай-ақ екінші және үшінші онкүндіктердің жекелеген күндерінде күндіз жылымық болуы мүмкін, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, республиканың оңтүстік жартысында ақпан бойы түнгі температура 5 градусқа дейін көтеріліп, күндізгі уақытта 8-17 градусқа дейін ауытқуы күтіледі. 

Республиканың солтүстік бөлігінде жауын-шашын негізінен қар түрінде, ал оңтүстік-батыста және оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде түседі. Тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстікте бұрқасын болуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу