Ақпанда бизнеске жеңілдетілген несиелер беріле бастайды

1026

Берілген қаржы ұзақ мерзімді жобаларға бағытталмақ.

Ақпанда бизнеске жеңілдетілген несиелер беріле бастайды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында вице-премьер Ерболат Досаев президент тапсырмасына сәйкес, 600 млрд теңге сомасының ұзақ мерзімді өтімділігін қамтамасыз ету үшін желтоқсан айында жол картасы бекітілгенін мәлімдеді. Құжат Ұлттық банкпен және "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп әзірленген.

"Бүгінде несиелеудің тетіктері анықталды. Бағдарламаға қатысу үшін 9 банк іріктеліп алынды. Жобаларды қаржыландыру 2019 жылдың ақпан айында басталады", – Ерболат Досаев.

Бұл қаржы ұзақ мерзімді жобаларға бағытталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу