2016-2017 жылдара арналған оқу жылында Қазақстанның 1-сынып оқушылары үшін қосымша демалыс қарастырылған, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
"Қыркүйек айында білім және ғылым министрлігі демалыстардың мерзімі мен оқу кезеңі жайлы бұйрық шығарған. Сол бұйрық аясында демалыс мерзімдері сынып-сыныпқа бөлініп көрсетілген. Сол бұйрыққа сәйкес, 2016 жылдың қыркүйегінде бірінші сынып оқушылары үшін білім берудің жаңа мазмұнын енгізгендіктен, 1-сынып оқушылары бес күн оқиды. Соған байланысты, 1-сынып оқушылары үшін 1-7 ақпан аралығында қосымша демалыс беріледі" - деп хабарлады білім министрлігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Әлібекова.
Баспасөз хатшысының айтуынша, қалған сынып оқушылары әдеттегідей оқи береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу