Ақпанда көкөніс пен жеміс айтарлықтай қымбаттады

867

Ақпанда көкөніс пен жеміс айтарлықтай қымбаттады

Ақпан айында маусымға байланысты өскен көкөніс пен жемістен өзге азық-түлік бағасында күрт қымбаттау болған жоқ, деп хабарлайды energyprom.kz.
Ақпанда қияр - 9,1 пайызға, қызанақ – 8,9 пайызға, капуста – 5,4 пайызға, пияз – 3,9 пайызға, сәбіз – 2,6 пайызға, картоп 2,3 пайызға қымбаттады.
Ал жемістерден банан бағасы - 3,6 пайыз өссе, алма - 1,2 пайызға қымбаттады. Қаңтармен салыстырғанда цитрус жемістерінен апельсин бағасы – 0,9 пайыз, лимон бағасы 0,4 пайыз өскен. 
Ал сүт өнімдерінің бағасы салыстырмалы түрде тұрақты. Сыр бағасына 1 пайыз қосылса, еттен тек шошқа етіне ғана баға қосылған.
Тауық еті (0,1%) мен жұмыртқа (2,1%), майшабақ (0,1%) керісінше арзандаған.
Сусындар арасында арақ қымбаттады (+1,1%),  сондай-ақ маргарин 1,1% өсті.
Бағасы төмендеген азық-түліктер арасында шәй мен тұз да бар, оларға баға 0,2% төмендеген. 
Жармалардан құмыққа баға - 4,6%, бұршаққа -  0,5%, күрішке 0,1 пайызға арзандаған. Сондай-ақ рожки - 0,3%, ұн 0,1% арзандады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу