Ақпанда ҚТЖ желісінде жүкайналымы 1,5 пайыз өсті

677

2019 жылдың ақпанында жүкайналымы 17 млрд тонна-километрді құрады.

Ақпанда ҚТЖ желісінде жүкайналымы 1,5 пайыз өсті

2019 жылдың ақпанында жүкайналымы 17 млрд тонна-километрді құраса, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5% артық, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ желісіндегі тиеу 19 млн тонна болды.

Таскөмірді тиеу 2,4% асып, 8,6 млн тоннаны құрады. Еліміз ішінде 6,4 млн тонна қатты отын тиелсе, бұл өткен жылғыдан 2,6% көп.

Астық 1 млн тонна тиелсе, бұл өткен жыл ақпанындағы деңгейден 1,7% жоғары. Экспортқа 834 мың тонна астық жөнелтілген, яғни өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2% көп.

Бұдан басқа, биылғы жылдың ақпанында 956 мың тонна құрылыс материалдары, 284 мың тонна қара металл және 1,8 млн тонна темір рудасы тиеліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу