Бұл туралы ҚР ҰБ Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова ақпарат құралдарына берген сұхбатында айтты.
Оның сөзінше, бұл ретте өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 273 млрд теңге аударылды. Осы мақсатта, бұрын айтылғандай, ішкі валюта нарығында 590 млн доллар көлемінде активтер сатылды.
"Қаржы нарықтары құбылмалы болып қала береді. Ақпанда тәуекел дәрежесінің төмендеуі акциялар мен облигацияларды қайта бағалауға, сондай-ақ алтын бағасының теріс динамикасына әсер етті. Сөйтіп, ақпанда Ұлттық қордың инвестициялық кірісі қаңтардағы
1,8 млрд доллар мөлшеріндегі оң мәннен кейін (-)1,1 млрд АҚШ долларын құрады. Ұлттық қор құрылғаннан бастап ақпан соңына дейінгі орташа жылдық кіріс 3,06% болды", – деді спикер.
Ұлттық қордың активтерін қайта теріс бағалау Ұлттық қорға қомақты түсімдермен теңестірілді. Қорға валюталық түсімдер ақпанда 1,4 млрд АҚШ долларын құрады.