Ақпанда Ұлттық қордан 590 млн АҚШ доллары сатылды

Аталған сома республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз етуге бағытталды. 

Ақпанда Ұлттық қордан 590 млн АҚШ доллары сатылды Фото: Экспресс К

Бұл туралы Ұлттық банктің валюта нарығы бойынша ай сайынғы есебінде жазылған.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату ақпанда 590 млн АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінен 23%-ды құрады және бір күнде 30 млн АҚШ долларынан аспады.

"Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде Ұлттық Банк нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын тұрақты және біркелкі сату дегенді білдіреді. Осы тәжірибе валюта нарығына Ұлттық Қор операцияларының әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді", – деп хабарлады ҰБ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу