Ақпанда Ұлттық қорға түскен салықтық төлемдер өсті

1972

Аталған айда Ұлттық қорға түскен жиынтық салықтық төлем 453,3 млрд теңге болған, бұл 2018 жылдың осындай кезеңіндегі түсімнен 62,6%-ға жоғары. 

Ақпанда Ұлттық қорға түскен салықтық төлемдер өсті

2019 жылдың алғашқы екі айында түсім былтырғы жылдың балама кезеңіне қарағанда 53,5%-ға артқан, деп хабарлайды Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының баспасөз қызметі. 

2018 жылдың қазан айының соңында мұнай бағасының жоғары болуы 2019 жылдың ақпанында Ұлттық қорға түскен салықтық төлемдердің өсуіне әкелді. Осы арада, жер қойнауын пайдаланушылардың 2018 жылдың төртінші тоқсанын үшін төлейтін негізгі салықтары ақпан айының соңында төленеді. Аталған айда Ұлттық қорға түскен жиынтық салықтық төлем 453,3 млрд теңге болған, бұл 2018 жылдың осындай кезеңіндегі түсімнен 62,6%-ға жоғары.

Сондай-ақ биылғы жылдың қаңтарындағы түскен түсімнен төрт есе көп. 2019 жылдың алғашқы екі айында Ұлттық қордың қоржыны 5847,0 млрд теңгеге толықты, бұл былтырғы жылдың осындай кезеңіндегіден 53,5% -ға асып түсті.

Биылғы жылғы салықтық түсімдердің басым бөлігі КТС мен Қазақстанның өнімдерді бөлу бойынша мұнай секторында жасаған  келісімшарттарынан түсіп отыр. Егер тап осы қарқын сақталатын болса, Ұлттық қорға салықтар бойынша түсетін қорытынды түсім 2019 жылы былтырғы жылғыдан асып кетіп, 3400 млрд теңге болуы мүмкін.

Сонымен қатар түсімдердің өсуіне мұнай бағасының жоғары болуы және шикізат экспортын арттыру көмек болады. Қазақстанның 2019 жылға арналған бюджеті бір доллар үшін 370 теңге деген бағаммен жасалған. Атлған баға жағдайында үкімет Ұлттық қорға түсетін салықтық төлемдер 2 274,5 млрд теңге деп болжап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу