Жұманғарин: Ақпарат бермегені үшін "Яндекс таксиге" айыппұл салдық

1085

Қазақстанның бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Яндекс Такси" компаниясына жүргізіліп жатқан тергеу аясында құжаттарды ұсынудан бас тартқаны үшін айыппұл салды. Мұны ведомство басшысы Серік Жұманғарин Сенат қабырғасында журналистерге айтты.

Жұманғарин: Ақпарат бермегені үшін "Яндекс таксиге" айыппұл салдық

"Яндекс" бізге бірнеше рет ақпарат беруден бас тартты. Сондықтан оларға әкімшілік айыппұл салдық. Менің білуімше, қазір бұл мәселе сотта қаралып жатыр", – деді Жұманғарин.

Дегенмен ол компания басшылығы агенттікпен жақсы қарым-қатынас орнатуға дайын екенін айтады.

"Бұл өте күрделі мәселе. Себебі "Яндекс" компаниясындағы таксишілердің жағдайын ойлаймыз. Олар табысынан айырылғысы келмейді", – деді агенттік төрағасы.

"Мұндай цифрлық платформалар қажет, бірақ олар қоғамды ашындырмауы керек. Қаңтарда ел қиын жағдайға тап болғанда олар жағдайды пайдаланды Сондықтан оларды шектеу – біздің міндет болды", – деп атап өтті Жұманғарин.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қаңтарда үкімет отырысы барысында бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы жедел желі арқылы алынған шағымдар аясында экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша "Яндекс такси" агрегаторына қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу