Асқар Омаров: Әлеуметтік желіні ешкім бұғаттамайды

1235

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров балаларды кибербуллингтен қорғауға арналған заң әлеуметтік желілердің бұғатталауына ықпал етпейді дегенге сендіреді.

Асқар Омаров: Әлеуметтік желіні ешкім бұғаттамайды

"Заң тек балаларды кибербуллингтен қорғауға бағытталған. Тек заңсыз контентті жою үшін әлеуметтік желі әкімшілерімен байланысқа шығамыз", – дейді ол.

Соған қарамастан журналистер мен құқық қорғаушылар заң цензураны күшейтуге қолданыла бастайды деп күдіктенеді.

"Бұл цензура болмайды. Ешкім әлеуметтік желілерді бұғаттамайды. Екіншіден, министрлікке әлеуметтік желілерді бұғаттауға өкілеттік берілмеген", – дейді министр.

Айта кетейік, мәжілісте әлеуметтік балаларды кибербуллингтен қорғайтын заң жобасы мақұлданды. Министрлік заңсыз деп тапқан контентті әлеуметтік желі басшылығы 24 сағат ішінде жоюға міндетті болмақ.

Сарапшылардың бағалауына қарағанда, Қазақстанда әлеуметтік желілерді бұғаттату үшін 5 млрд жұмсауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу