Ақпарат министрлігі БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесін шешпек

811

Бұл туралы бүгін министрліктің телеграм-арнасында мәлімет тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Ақпарат министрлігі БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесін шешпек

"Жақында журналистер қауымдастығының жекелеген өкілдері пандемия кезінде БАҚ үшін салықсыз режим аяқталғаннан кейін БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесін көтерді. Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, заңнамаға тиісті түзетулер әзірлеп жатқанын және осы жылдың қыркүйек айында оларды ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз", - деп хабарлады министрліктен.

Осылайша, декреттік жәрдемақыларды төлеу мәселесін жыл соңына дейін шешу көзделіп отыр.

"Бұл мәселе Ақпарат және қоғамдық даму министрінің жеке бақылауында", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу