Ақпарат министрлігі харассменттен қорғау бойынша бұйрық шығарды

704

Қазақстанда бірінші рет Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі харассменттен қорғау бойынша бұйрық шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Ақпарат министрлігі харассменттен қорғау бойынша бұйрық шығарды Фото: google

Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілінің атына келіп түскен харассмент мәселелері жөніндегі арыз-шағымдарды тәртіптік комиссия қарайды.

"Бұл құжаттың мақсаты Министрліктің барлық қызметкерлері арасында харассментке қатысты төзбеушілік саясатын тарату, сондай-ақ харассменттің алдын алу, ден қою және оны болғызбау шараларын жүргізу арқылы харассментке төзбеушілік жағдайын жасау және қолдау болып табылады", - делінген құжат мәтінінде.

Жалпы харассмент ұғымы билікке қатысты қолданылады. Яғни, басшының қызметкерге, мұғалімнің оқушы, студентіне, жүргізушінің жолаушыға қырындап тиісуі. Бұған дейін жұмыс орнында қудалаудың көбеюіне байланысты БҰҰ жанындағы Халықаралық еңбек ұйымы жұмыс орнында қысым көрсетуге қарсы конвенция қабылдаған.

Өкінішке қарай, Орталық Азия елдерінің заңнамасында "харассмент" термині жоқ. Заң мұндай бұзушылықтарды реттемейді және қудалау үшін қылмыстық жауапкершілік те қарастырылмаған. Көбінесе мұндай әрекеттер "ұсақ бұзақылық" ретінде белгіленіп, Әкімшілік кодекспен реттеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу